Ссылки доступа

Қырғызстан президенті Жээнбеков саясаткер Текебаевқа рақымшылық беруге дайын


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттің бұрынғы депутаты Омурбек Текебаевқа рақымшылық беруге дайын екенін мәлімдеді.

Жээнбековтің айтуынша, "Ата Мекен" партиясының жетекшісі ол президент қызметіне кіріскенге дейін сотталған. "Оның ісін барлық сот инстанциялары қарады. Мен оған араласа алмаймын. Ол рақымшылық сұраса ғана, мен оны беруге дайынмын. Басқа амалым жоқ", - деді Жээнбеков.

"Ата Мекен" партиясының жетекшісі, Жогорку Кенеш экс-спикері Омурбек Текебаев 2017 жылы ақпанда 1 млн доллар пара алған деген күдікпен ұсталды.

Өткен жылы 21 қарашада Жоғарғы сот аудандық және қалалық соттардың үкімдерін күшінде қалдырды.

Биыл мамыр айында бұрынғы омбудсмен Кубат Оторбаев президент Сооронбай Жээнбековке арызданып, Текебаевқа рақымшылық беру мүмкіндігін қарауды ұсынған.

Бұл уақытта Текебаевтың адвокаты Искен Афиджановтың мәлімдеуінше, саясаткер президенттен рақымшылық сұрағысы келмейді, өйткені ол өзін кінәлі деп санамайды.

XS
SM
MD
LG