Ссылки доступа

АҚШ Мемлекеттік департаменті "Патриот" зымыран жүйесін Түркияға сатуға рұқсат берді


Иллюстративное фото

АҚШ Мемлекеттік департаменті "Патриот" зымырандық-зениттік кешенін үш жарым миллиард долларға Түркияға сатуға рұқсат берді. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігі хабарлады.

2017 жылы Түркия Ресеймен С-400 зениттік-зымырандық кешенін сатып алу туралы келісімге отырған. Тауар 2019 жылдан бастап жеткізіле бастауы тиіс болған.​

АҚШ пен НАТО өкілдері Түркияға бірнеше мәрте ескерту жасап, Ресей зымыран жүйесі НАТО-ның әуе қорғанысы жүйесіне үйлеспейтінін мәлімдеген. ​Вашингтон Анкараны райынан қайтаруға тырысып, өзінің "Патриот" зымыранға қарсы жүйесін ұсынған. Түркия Ресейден қару сатып алған жағдайда, АҚШ Анкараға қарсы санкция салуы мүмкін еді. Бірақ түрік билігі АҚШ-тың зымырандық-зениттік кешені Ресейдің С-400 кешеніне балама бола алмайтынын мәлімдеген.

Қараша айының соңында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Ресеймен жасалған келісімнен бас тарта алмайтын мәлімдеген. Бірақ ол қаруды НАТО-дағы одақтастарынан сатып алуды қалайтынын ескертіп өткен.

XS
SM
MD
LG