Ссылки доступа

АҚШ Каримова мен Чайкаға қатысты санкция мерзімін ұзартты


Гүлнара Каримова Нью-Йоркте, қыркүйек, 2011 жыл.

Ақ үй адам құқығын өрескел бұзған әлем елдеріндегі шенеуніктерге қатысты қаржылық және визаға қатысты шектеу мерзімін ұзартты.

Өткен жылы санкция салынған азаматтар арасында Өзбекстанның өмірден өткен президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримова, Ресейдің бас прокурорының ұлы Артем Чайка да болған. Бұл санкциялар 2016 жылы қабылданған “Ғаламдық Магнитский актісі” аясында пайда болған.

"Магнитский актісін" АҚШ Конгресі 2012 жылдың соңында қабылдаған. "Магнитский актісі" 2009 жылы Мәскеу абақтысында қаза тапқан Hermitage Capital қорының заңгері Сергей Магнитскийдің құрметіне осылай аталып кеткен.

Магнитский Ресей бюджетінен ірі көлемде қаржы жымқыру айла-шарғысын әшкерелеген. АҚШ Конгресі қабылдап, кейін кеңейтілген заң бойынша Вашингтон "адам құқығын бұзуға және коррупцияға қатысы бар" деп білетін адамдарға экономикалық санкциялар салу және виза бермеу қарастырылған.

XS
SM
MD
LG