"Бізде картопты Өзбекстанға экспорттауда біраз қиыншылықтар болған еді. Бүгін бұл мәселені шештік. Өзбекстан тарабы бізге 45 ұйымның тізімін берді. Болашақта тізім саны 70-ке жетуі мүмкін. Біз Өзбекстаннан ауыл шаруашылығына арналған техникалар сатып алуды да шештік", - дейді Нурбек Мурашев.
Мұнан бөлек Өзбекстан Қырғызстан оңтүстігінде орналасқан цемент зауытының өнімдерін сатып алады.
Өзбекстанның Әндіжан облысы басшысы Шухрат Абдурахманов Ош облысы кәсіпкерлерімен 5 млн долларға келісімге отырғанын мәлімдеді.
"Қырғызстанмен бір Әндіжан облысы арасындағы сауда айналымы 95 млн долларға жетті. Бүгін біз тағы 5 млн долларға келісім жасадық. 2018-2019 жылдары бізде Қырғызстанмен тағы 210 млн долларға келісім бар", - деді Шухрат Абдурахманов.
Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралық облыс басшыларының кеңесі былтыр қыркүйек айында құрылған.