Ссылки доступа

Өзбекстан президенті мемлекеттік мекемелерге ертеңгісін жаттығу жасауды бұйырды


Өзбекстанның мемлекеттік мекеме қызметкерлері бұдан былай күнде жұмыс орнында таңертеңгілік жаттығу жасайтын болады.

Өзбекстан президенті 18 желтоқсанда "Салауатты өмір салтын құру, тұрғындардың физикалық белсенділігін арттыру, инфекциялық емес аурудың алдын алу жөнінде" бұйрық шығарған.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметкерлеріне арнап кемінде аптасына бір рет "Денсаулық күні" ұйымдастырылады. Бұл күні қызметкерлер спорт түрлеріне қатысып, өзара түрлі жарыстар ұйымдастырады.

XS
SM
MD
LG