Ссылки доступа

Тәжік азаматының бес жыл жиған ақшаға алған автокөлігі ұрланған болып шықты


Душанбе тұрғыны Абдурасула Курбонова қымбат тұратын Volkswagen автокөлігін алуға бес жыл бойы ақша жинаған.

Бірақ оның қуанышы көпке созылмады, автокөлік Ресейде ұрланып, үшінші мемлекет арқылы Тәжікстанға әкелген болып шықты.

"Бес жыл бұрын бұл машина 30 мың доллар тұратын. Құжаттарының барлығы дұрыс еді. Көлікпен Украина шекарасынан өткім келген уақытта мені тоқтатты. Мен төрт күн бойы абақтыда жаттым", - деді автокөлік иесі.

Жақында Литва құқыққорғау органдары Германиядан Тәжікстанға қымбат автокөліктер ұрлаумен шұғылданған трансұлттық топты қолға түсіргенін хабарлады. Литваның сегіз азаматы ұсталған. Тағы екі адам Германияда қолға түскен.

Полиция мәліметі бойынша, 15 автомобиль Тәжікстан аумағына ұрлықпен келген, олардың жарымы ғана табылды.

Тәжікстан құқыққорғау органдары бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

XS
SM
MD
LG