Бұл туралы 32 жастағы Фазлиддин Парпиев 19 желтоқсанда Facebook парақшасы арқылы таралған видеоүндеуінде мәлімдеді.
7 қыркүйекте Парпиев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа үндеу жолдап, құқыққорғау органдарының әрекетіне шағымданған. Ертесіне оны жұмыстан шығарып жіберді.
17 желтоқсанда Парпиев Сауд Арабиясынан Ташкентке кіші қажылықтан оралған. Екі сағаттан соң оның үйіне арнайы қызмет келіп, имамды тергеген. Ташкент қалалық прокуратурасындағы әңгімеден соң бірнеше сағаттан кейін Парпиев әйелі және екі баласымен көршілес Қазақстан арқылы Өзбекстаннан көшіп кеткен.