Ссылки доступа

Худжанд түрмесіндегі бүлікке қатысқандар қатаң жазаланған


Тәжікстанның Худжанд қаласындағы №3/3 қатаң режимдегі түрмедегі бүлікке қатысқан 20 сотталушы үш айдан алты айға дейін карцерде отырады деп хабарлады тергеу ісіне қатысқан дереккөз.

«Карцерге ауыстырылғандардың көбі "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобының содырлары болған. Әдетте түрме заңын бұзған сотталушыларды үш күнге дейін карцерге отырғызатын. Бірақ басшылық бүлікке қатысқандарды қатаң жазалауды шешті»,- дейді дереккөз.

Азаттықтың тәжік қызметінің тілшісі түрмеде отырып шыққан бұрынғы сотталушымен сөйлескен еді. Оның сөзінше, карцер –қараңғы, тар орын. Онда сотталушы жалғыз қалады. Өте салқын жер, қыста жұқа төсеніш пен жапқыш береді, болды дейді бұрынғы сотталушы. Онда әдетте түрмеде үнемі жанжал шығарып, ішімдік ішіп, есірткі қолданатын адамдарды отырғызады екен.

Худжанд түрмесінің бұрынғы сотталушысы ондағы күзетшілер жазаланушыларды "үкіметке қарсы шыққандар" деп есептеп, жек көретінін айтады.

8 қарашада Худжанд түрмесінде бүлік шығып, кемінде 21 сотталушы, екі түрме қызметкері қаза тауып, бес күзетші ауыр жараланып ауруханаға түскен.

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин бүлік кезінде 21 сотталушы залалсыздандырылды деп мәлімдеген. Министр олардың арасында "Ислам мемлекеті", "Ансоруллах" және "Жундуллах" экстремистік топтардың жазасын өтеп жатқан жақтаушылары болды деген.

Тәуелсіз ақпарат көздері шын мәнінде бүлік кезінде 50 адамның қаза болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG