Ссылки доступа

Тәжікстанда ер азамат биші қызға ақша ұстатқаны үшін айыппұл алды


Тәжікстанның оңтүстігінде Шамсиддин Шохин ауданының соты Youtube жұлдызы Кадами Курбонға "Салт-дәстүрлер тәртібі туралы " заңды бұзғаны үшін 3 мың сомони (300 доллар) айыппұл салды.

Шамсиддин Шохин ауданының Чагам ауылының 48 жастағы тұрғыны Кадами Курбон әзіл-сықақ әндерімен танымал болды. Оны жүз мыңдаған көрермен Интернет арқылы тамашалайды.

Аудандық соттың жауапты қызметкері Бобомурод Наджмиддинзоданың хабарлауынша, Кадами Курбон баласының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқан. Тәжікстанда "Салт-дәстүрлер туралы" заң үйлену тойлары мен салтанатты кештерде биші қыздарға ақша беруге тыйым салады.

"Кадами Курбонның заң бұзғаны туралы видео Интернетке жүктелген", - деді Наджмиддинзода. Оның айтуынша, судья Курбонға он күн ішінде айыппұл төлеуге міндеттеген. "Кадами Курбон сот шешіміне қарсы шықпады", - деді аудандық сот қызметкері.

​Кадами Курбон ұлының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқанын мойындады. "Бірақ ол видеоның интернетке қалай түскенін білмеймін", - деді сықақшы.

XS
SM
MD
LG