Ссылки доступа

Түркіменстан үкіметі мақтаның кеш жиналғанын растады


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Түркіменстанда желтоқсанның екінші жартысында мақта жинау науқаны әлі аяқталмады. Бұны вице-премьер Эсенмурад Оразгелдыев растады.

Елдегі ауыл шаруашылығына жауапты вице-премьердің хабарлауынша, Ахал, Лебап, Мары және Дашоғыз уәлаяттарында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын.

Оразгельдыев мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда елде 1 миллион 99 мың 236 тонна мақта жиналған.

"Алқапта мақта қалмады. Бірақ жергілікті билік мақтаның соңғы талшығына дейін жинап алуды тапсырған. Бірақ биыл жиналған мақтаны базаға қабылдамауы мүмкін. Оны келесі жылы ғана өткізуге болатынын айтты", - деді шаруалардың бірі Азатлык тілшісіне.

Оның айтуынша, ауа температурасы минусқа дейін төмендегенде, мақта жинау қиын болған. Түркіменстанда биыл мақта жинау маусымы ресми түрде 31 тамызда аяқталды.

XS
SM
MD
LG