Ссылки доступа

Ауған әскері Тәжікстанмен шекарада ИМ содырлары топталып жатыр деп мәлімдеді


Ауғанстанның қорғаныс министрлігі елдің солтүстігінде, Тәжікстанмен шекарада "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымының содырлары белсенді бола бастады деп мәлімдеді.

ИМ тобы солтүстікте және солтүстік-шығыста жаңа жаттығу алаңын жасақтап жатыр деп мәлімдеді 23 желтоқсанда Ауғанстан қорғаныс министрлігінің 209- дивизия қолбасшысы Әлимұхаммад Ахмадзай.

«Қазір Бадахшан, Фарьяб және Жузджан провинцияларында ИМ содырлары топтасып жатыр», - деді ол. Оның сөзінше, Ауған әскері халықаралық коалициямен бірігіп, оларға қарсы бірнеше әуе соққысын жасаған. Бірақ толықтау жою мүмкін болмаған.

«Біздің арнайы қызмет Бадахшан, Тахор, Жузджан және Фарьяб провинцияларында ИМ содырлары шетелдік «кеңесшілерінің» тапсырмасы бойынша арнайы жаттығудан өтіп жатқанын анықтады»,- деді Әлимұхаммад Ахмадзай.

Осыған дейін Ауғанстанның ішкі істер министрлігі "үкімет күштерінің және халықаралық коалицияның операцияларынан кейін ИМ тобы әлсіреді, толық күйреу алдында" деп мәлімдеген. Ауған сарапшылары соңғы айда ИМ содырлары тәсілдерін өзгерткенін, олар ашық соғысқа бармауға тырысатынын айтады.

Бірер күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстандағы әскери базаны күшейтетінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG