Ссылки доступа

Өзбекстанда метан газы тапшылығы байқалады (видео)


Өзбекстанның Ферғана облысының Бағдад, Риштан және Алтыарық аудандарында метан газына деген тапшылық байқалады. Бұл жөнінде Азаттықтың өзбек қызметі хабарлайды.

22 желтоқсанда оқырмандардың бірі редакцияға Қоқан шаһарына жақын жердегі газ құю станциясында түсірілген видеоны жариялады. Одан 150-ге тарта көліктің кезекте тұрғанын байқауға болады.

В Ферганской долине очереди автомобилей на газовых заправках растянулись на 5 километров
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:35 0:00

Жергілікті тұрғындардың бірі 22 желтоқсанда Ферғана облысының Бағдад және Алтыарық аудандарында да газға кезек күткен жағдайлар көп болғанын айтады.

"Алтыарық ауданының газ құю станциясының алдынан 100, ал Бағдад ауданында 200 көліктің кезек күтіп тұрғанын көрдім",- деді ол.

"Өзтрансгаз" компаниясының өкілі бұл жағдайды газ тартудың төмен болып жатқанымен түсіндіреді.

"Газ құю станцияларында өзінің белгілі бір мөлшері бар. Газды қысыммен тартып шығарады. Қазір газ қысымы төмен болғандықтан, тез тартып шығара алмайды. Сол себептен станцияда көліктер кезегі көбейіп кетті. Оның үстіне Шуртан және Мубарек газ өңдеу зауыттары жеткілікті деңгейде газ жеткізбей отыр",- деді компания өкілі.

На газовых заправках Ферганской долины снова возникли километровые очереди
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:41 0:00

Өзбекстанның барлық аймақтарында метан газы тапшылығы болып жатқанын бірқатар жергілікті басылым жазған. Kun.uz сайты газ тапшылығы тек ғана Ферғана облысында емес, Әндіжан, Наманған облыстарына да байқалып жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG