Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Өзбекстан астанасында мұндай қарқынды құрылыс бұрын болмаған.
"Ең мықты деген Кеңестер одағының өзінде Ташкентте 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеген, Өзбекстанда қазір бұл көрсеткіш 5 млн шаршы метрге жетті. Жыл әлі аяқталған жоқ, біз бұл межені де меңгердік", - деді үкімет басшысы.
Премьердің сөзіне қарағанда, президент қаладағы ескі үйлердің орнына жаңасын тұрғызуды тапсырған. "Президент бұл үйлерде су, жылу болғанын қалайды", - деп түсіндірді Арипов.
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев үйлерді аралаған уақытта пәтерлерге кір жуатын машина орнатылмағанын ескерткен.
Еске салайық, 21 желтоқсанда Мирзияев қаланың Сергелі ауданындағы жаңа үйлерді аралаған еді.