Ссылки доступа

Қырғызстан Silk Visa жобасына қосылуға дайын


Қырғызстан "Жібек жолы визасы" - Silk Visa жобасына қосылуға дайын. Бұл туралы Азаттык радиосына Қырғызстанның туризм, ақпарат және мәдениет министрі Азамат Жаманкулов хабарлады. 2019 жылы Қазақстан мен Өзбекстан Еуроодақтың шенген визасы секілді жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.

"Әзірге жоба іске қосылатын күн ресми түрде жарияланбады. Біз бұл бағдарламаға қосылатынымыз туралы ресми хат жолдадық", - деді министр.

Астана мен Ташкент арасында келісілген жаңа жоба бойынша, екі елдің біріне виза алған шетел туристері екі елге де кіре алады.

20 желтоқсанда Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Ұлықбек Қасымхожаевтың хабарлауынша, бұл жоба туризм саласын дамытуды көздейді.

Орталық Азияда бірыңғай "Жібек жолы визасы" туралы идея алғаш рет 2018 жылы маусым айында ұсынылды. Хабарларға қарағанда, бұл бағдарламаға Түркия мен Әзірбайжанды қосу туралы келіссөздер жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG