Парламенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында мәдениет министрі Бахтиер Сайфуллаевтың қатысуымен ""Мәдени мұра нысандарын пайдалану және қорғау" туралы заңның орындалуы төңірегінде тыңдау өтті.
Депутаттарға таныстырылған құжаттарда мәдени мұралардың 259 нысанына айтарлықтай нұқсан келгені айтылған. Мысалы, Сұрхандария облысының Денау ауданындағы "Сайид Оталик" медресесі (XVII ғасыр) қойма ретінде пайдаланылған.
Материалдық-мәдени мұра нысандарының 2608-інің (34,14 пайыз) ғана кадастрлық құжаттары бар.
Тыңдау соңында парламент арнайы қаулы қабылдады.