Ссылки доступа

Кабулда экстремистер үкімет ғимаратын басып алды


Кабулдың шығысындағы үкімет үйіне содырлардың шабуылынан 29 адам қаза тауып, кемінде 23 адам жараланған. Ғимаратта болған үш жүзге жуық адам босатылған.

Басып алынған ғимаратта еңбек министрлігі мен бірнеше мемлекеттік мекемелер орналасқан. Атыс кезінде жеті шабуылдаушы қаза тапқан. ІІМ өкілі басып алушылардың қолында әлі тұтқындар бар екенін мәлімдеді.

Үкіметке қарсы бірде-бір ұйым шабуылға қатысы барын мәлімдемеді.

Кабулда 24 желтоқсанда болған қарулы оқиға биылғы жылдың жиырмасыншы шабуылы болып тұр. Жалпы 500 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жараланған. 20 желтоқсанда АҚШ өкілі Дональд Трамптың Ауғанстаннан болашақта 5 мың әскерін шығару ниеті бар екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG