Ссылки доступа

Прокурор Гүлнәра Каримоваға миллиондаған пара берген Telia-ның бұрынғы басшыларына қатаң жаза сұрады


Telia компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Ларс Нюберг (оң жақта екінші) және экс-қаржы директоры мен вице-президент Теро Кивисаари (сол жақта бірінші) Стокгольм сотының ғимаратында.

Telia телекоммуникациялық компанияның бұрынғы басшыларына қатысты Стокгольм сотында өтіп жатқан сот процесі кезінде прокурорлар айыптаушыларға коррупциялық қылмыстары үшін қатаң жаза сұрады.

19 желтоқсанда Стокгольмда Telia (бұрынғы TeliaSonera) компаниясының бұрынғы басшыларына қатысты тыңдау аяқталды. Сот тыңдауы 4 қыркүйекте басталған.

Сотта компанияның бұрынғы атқарушы директоры Ларс Нюберг, 2003-2007 жылдары қаржы директоры әрі вице-президент болған Теро Кивисаари және еуроазиялық бағыт бойынша бас кеңесші болған Ули Туима айыпталып жатыр.

Олардың бәрі Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнәра Каримоваға өзбек нарығына кіру үшін, (Өзбекстанға Ucell брендімен кірген) 350 млн доллар көлемінде пара берді деп айыпталады.

Тыңдау кезінде прокурорлар Теро Кивисаариді коррупциялық схеманың басты орындаушысы ретінде санап, оған 7 жыл, 9 тоғыз ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

​Швеция заңына сәйкес, коррупциялық қылмыс үшін 6 айдан 6 жылға дейін түрме жазасы беріледі.

Мемлекеттік айыптаушылар Ларс Нюберг пен Ули Туимаға да түрме жазасын сұрады.

Өзбекстанда Гүлнәра Каримоваға 53 млн доллар пара алды деген айып тағылған. Ташкент соты оны 5 жылға бас бостандығынан айырған.

XS
SM
MD
LG