Ссылки доступа

Ташкентте дүниеге келген үшем есімдерін президент құрметімен атады


18 желтоқсанда Ташкентте Руслан Корёгдиев отбасында үшем дүниеге келді. Олардың есімдерін президент құрметіне Шавкат, Миромон және Мирзиё деп атады.

Руслан Корёгдиев пен Мохигүл Шайкулов дүниеге келген үш ұлдың есімдерін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев құрметіне атады деді олардың туыстары.

Республикада үшемге ырымдап президент есімін беру бұрыннан бар. Бір жыл бұрын Хорезм тұрғыны Мансұрбек Матжонов үш баласының есімдерін Шавкат, Миромон және Мирзиё деп атаған.

2017 жылдың сәуірінде Бұхара тұрғыны Жамшид Шодиев те үшем есімдерін солай атаған.

Жаңа туған балаға президент құрметімен есім қою Ислам Каримов билігі тұсында кең таралды. Әндіжандағы бір отбасы үшем есімдерін Өзбекстанның сол кездегі президентінің құрметіне Ислам, Әбдіғани және Кәрімжон деп қойған.

2013 жылы Ташкенттің 33 жастағы тұрғыны Гүлшан Хайдарова төрт баласының есімін Хасан, Хусан, Ислам және Кәрім деп қойған.

XS
SM
MD
LG