Ссылки доступа

Түркия Сирия шекарасына қосымша күш жолдады


Түркия Сириямен арадағы шекараға қосымша күш жолдады деп хабарлады түрік ақпарат құралдары. Мемлекеттік Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сарбаздар мен әскери техника Түркияның оңтүстік-шығысындағы Килис провинциясына жеткізілген.

Hurriyet газетінің хабарлауынша, қосымша әскер бұл аумаққа өткен демалыс күндері ораластырыла бастаған, жүздеген тасымалдаушы көлік Сирияның солтүстігіндегі Әл-Баб ауданына өткен.

Anadolu агенттігінің мәліметіне қарағанда, Түркия қолдауына ие сириялық оппозиция күштері Сирияның солтүстігіндегі Манбидж күрд қаласының маңына бекінген. Манбидж қаласын АҚШ қолдайтын күрдтердің "Халық қорғанысы отряды" (YPG) бақылауда ұстап отыр. Анкара YPG ұйымын Түркиядағы күрд бүлікшілерімен байланысы бар деп айыптап, оларды "терроршылар" деп атаған.

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық сарбаздарды Сириядан шығару туралы күтпеген мәлімдеме жасады.

XS
SM
MD
LG