Ссылки доступа

2018 жылы Ресейде азық-түлік 3,3 есеге қымбаттаған


Ресейдің мемлекеттік статистика жөніндегі қызметінің (Росстат) мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейін азық-түлік Еуропалық одаққа (ЕО) қарағанда 3,3 есеге қымбаттаған.

Есеп кезеңінде баға 3,3 пайызға өскен. Бұл уақытта Еуроодақта орта есеппен азық-түлік 1 пайызға қымбаттаған.

Росстат мәліметінше, қараша айында дүкендерде тауар бағасы бірден 1,2 пайызға қымбаттаса, ЕО-да керісінше 0,1 пайызға түскен.

Ресейде негізінен ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, қант бағасы қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG