Ссылки доступа

Душанбе: Ресейдегі 345 мың тәжік мигрантының тағдыры белгісіз


Махмадсаид Убайдуллоев

Ресейде жұмыс істеп жүрген 345 мың тәжік мигрантының тағдыры белгісіз. Осылай деп 25 желтоқсанда тәжік парламентінің жоғарғы палатасының спикері Махмадсаид Убайдуллоев мәлімдеді.

Оның сөзінше, олардың бәрі Ресейде заңсыз жүрген болуы мүмкін. "Олардың көбі не миграциялық рақымшылыққа ілінген емес, не депортацияланған емес. Арасында Ресей азаматтығын алып, бірақ тәжік билігіне хабар бермегендері де болуы мүмкін", - деді спикер.

Махмадсаид Убайдуллоев ресми мәліметтерге сүйеніп, Тәжікстанның 226 мың азаматына Ресейге кіруге тыйым салынғанын айтты. "Қазір мемлекеттік думада азаматтарымызға миграциялық рақымшылық беру мәселесі қаралып жатыр", - деді ол.

​Миграция бойынша сарапшы Рахмон Ульмасов тәжікстандықтардың көбі патент қымбаттап кеткен соң, заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр дейді. Жаңа жылдан бастап Ресейде патент бағасы тағы да қымбаттап, 5 мың рубль болмақ.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде Тәжікстаның бір млн азаматы жұмыс істеп жүр. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ресейдің Орталық банкті Тәжікстанға аударылған қаржы көлемі 2 млрд 536 млн доллар болғанын мәлімдеген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 600 млн долларға көп.

XS
SM
MD
LG