Ссылки доступа

Бұхара банк қызметкерлері салық берешегін жинауға мәжбүр


13 желтоқсаннан бастап Бұхара облысындағы банк қызметкерлері үйлерді аралап, жер мен мүлік салығы бойынша берешек жинауға шықты. Бұны оларға облыстық прокуратура тапсырған. Өзбекстан прокуратурасы бұған қатысты пікір білдірмеді.

Ұлттық банктің Бұхара облысы Каган ауданындағы бір қызметкерінің хабарлауынша, 13 желтоқсанда ол әріптестерімен бірге тұрғындардан салық берешегін жинауға шыққан.

«Біз жұмысты сағат тоғызда бастаймыз. Түскі сағат төртке дейін махалла аралап, жер және мүлік салығын жинаймыз», - деді банк қызметкері.

Орталық банктің Бұхара облысындағы шенеунігі аумақтағы банк қызметкерлері салық жинауға тартылғанын растады, бірақ оның себебін түсіндіруден бас тартты. Орталық банктің Ташкенттегі өкілі қызметкерлерді салық жинауға шығаруға банк басшылығының қатысы жоқ екенін айтқан.

Бұхара облысының прокуратурасы бұл мәселеге қатысты жауап берген жоқ.

XS
SM
MD
LG