Ссылки доступа

Эмомали Рахмон жылдың үш маңызды оқиғасын атады


«Тұрақты даму үшін ауыз су, 2018-2028» халықаралық онжылдығының басталуы, Рогун ГЭС-інің алғашқы агрегатының іске қосылуы, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының мемлекеттік сапарлар аясындағы кездесулері – биылғы жылдың үш маңызды оқиғасы.

Бұл туралы парламентте жасаған жолдауында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мәлімдеді. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рахмон атаған үш маңызды оқиғаның бірі – «Тұрақты даму үшін ауыз су, 2018-2028» халықаралық онжылдығы биыл 22 наурызда басталды. Бұл бағдарламаға қатысты қарарды БҰҰ Бас Ассамблеясы 2016 жылы желтоқсанда қабылдаған.

Рахмонның айтуынша, Рогун ГЭС-інің алғашқы агрегатының іске қосылуы – Тәжікстанда маңыздылығы жағынан екінші оқиға болды. 16 қарашада мемлекет басшысы алғашқы агрегатты іске қосты. Екіншісі 2019 жылы ашылады.

Үшінші маңызды оқиға – Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының өзара мемлекеттік сапарлары. Наурыз айында өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға алғашқы мемлекеттік сапары аясында екі елдің әріптестігін дамытуға арналған 27 құжат қабылданды.

XS
SM
MD
LG