Ссылки доступа

Экс-депутат Шадиевтің 1,8 млрд сом мүлкі тәркіленді


Қырғызстандағы ақпарат құралдары экс-депутат Асқар Шадиев пен оған жақын адамдардың сот арқылы тәркіленетін мүліктерінің тізімін жариялады.

Тізімде «Карвен төрт маусым» демалыс үйінің жарғылық капиталының 33,33 пайызы, «Аква Инвест Плюс» компаниясының жарғылық капиталының 50 пайызы, «Карвен Групп» компаниясының жарғылық капиталының 50 пайызы, жекеменшік үй, «Ала-Арча» тұрғын үй кешені, Бішкектегі кеңсе, «Тойота Лэндкрузер 150» автокөлігі, коммерциялық банктердегі ақшалары көрсетілген.

Асқарбек Шадиев пен оның жақындарынан тәркіленетін мүлік құны - 1 млрд 852 млн 236 мың 99 сом (25 млн доллардан асады).

25 желтоқсанда Бішкек қаласы Бірінші май аудандық соты бұрынғы депутат Асқар Шадиевті он жылға соттау туралы сырттай үкім шығарды. Ол «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту», «Қызмет бабын асыра пайдалану» қылмыстарын жасады деп айыпталды.

XS
SM
MD
LG