Ссылки доступа

Азаптаумен айыпталған майор Қырғызстаннан Тәжікстанға қайтарылды


Қырғызстан билігі Баткенде ұсталған Соғды облысы ішкі істер басқармасының бұрынғы тергеушісін Тәжікстанға экстрадициялады. Қамаудағы адамдарды азаптады деп айыпталған милиция майоры Шухрат Шамсиддинов Қырғызстанда қашып жүрген.

"Майор Шамсиддинов бірер күн бұрын Худжандқа жеткізілді. Қазір N2 тергеу абақтысында", - деп хабарлады дереккөз.

Шухрат Шамсиддинов Тәжікстанда тыйым салынған Исламның жаңғыруы партиясының мүшесі Комил Ходжаназаровты азаптады деп айыпталады. Ходжаназаров кезекті тергеу алдында өзіне қол жұмсап, көз жұмған.

Осыдан кейін оны сұрауға алған тергеушілерге қарсы қылмыстық іс қозғалған. Биыл жаз айында тергеушілер Латифжон Юлдошевті 13 жылға және Мұхаммад Наимовты 12 жылға бас бостандығынан айырған.

Бұл іске қатысты үшінші айыпталушы Шухрат Шамсиддиновке іздеу жарияланған.

31 жастағы Комил Ходжаназаров өзіне қол жұмсар алдында видео мәлімдеме жасап, милиция қызметкерлері тарапынан азапталғанын, оларға ақша төлегеннен кейін ғана бостандыққа шыққанын айтқан.

XS
SM
MD
LG