Ссылки доступа

Ресейде дәрі-дәрмек үшін апиын мен қарақурай өсіреді


Ресей үкіметі аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге рұқсат беретін заң жобасын әзірледі. Құжат санкция жағдайында импортталған есірткілік дәрі-дәрмектердің орнын басуға бағытталған.

Бұл жөнінде РБК ақпарат агенттігіне Ресейдің сауда және өндіріс министрі Денис Мантуров хабарлаған.

Қазір Ресейде 13 апиын препараты тіркелген. Оның тоғызы өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектің тізімінде.

Мантуров ауырсынуды басатын, құрамында есірткі бар дәрілердің жүз пайызы шетелден әкелінетінін айтқан. Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова дәрілер импортталатын он елдің тоғызы Ресейге санкция салғанын мәлімдеген.

Бірақ олар дәрі-дәрмек экспортына тыйым салмаған. Соған қарамастан Ресейде медициналық препараттардың импорттауын шектейтін заң жобасы қабылданған.

Заң жобасы түсіндірмесінде Ресей аумағында апиын түрлерін өсіруге және оны өндіруге рұқсат беру қарастырылған. Сонымен бірге Ресей аумағында қарақурай өсіруге де рұқсат берілген.

XS
SM
MD
LG