"Апрель" телеарнасының директоры Дмитрий Ложниковтың Facebook парақшасында хабарлауынша, саясаткерлердің әрқайсысы Атамбаев пен телеарнадан 9 млн сом талап еткен.
Парламенттің экс-спикері Ахматбек Келдибеков "NUR TV" телеарнасына сұхбатында экс-президент Алмазбек Атамбаевты жақында жасаған мәлімдемесі үшін сотқа беретінін айтқан. "Ол мәлімдемесінде адамдың ар-ұжданына тиген. Мен сотқа шағымданамын. Ол сөздерін сотта дәлелдей алмаса, жауапқа тартуын талап етемін", - деді Келдибеков.
10 желтоқсанда "Апрель" телеарнасына сұхбат берген экс-президент Алмазбек Атамбаев жемқорлыққа Ахматбек Келдибеков қатысы бар деп мәлімдеген.
Желтоқсан айында Келдибеков Kyrgyztoday.kg сайтын сотқа беріп, 1 млн сом (шамамен 14 мың доллар) талап етті. Саясаткер басылымда жарияланған мақала оның ар-ұжданына нұқсан келтірді деп есептейді.