Ссылки доступа

Тәжікстан ХОК стипендиясына ие спортшылар тізімін жариялады


Тәжікстанның Ұлттық олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада комитеті стипендиясына ие болған 16 спортшының есімін атады.

Тізімде жеңіл атлет, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дилшод Назаров, ескекші Шахриёр Даминов, дзюдошылар Устопириён Комроншох, Бехруз Ходжазода, Темур Рахимов және басқа да спортшылар бар.

Тәжік спортшыларына бұл стипендия 2020 жылдың тамызына дейін ай сайын беріледі.

Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 2020 жылы 24 шілдеде басталып, 9 тамызда аяқталады.

ХОК стипендиясын алған тәжік атлеттерінің тізімі:

Дилшод Назаров (жеңіл атлетика) – $950
Шахриёр Даминов (ескек есу) – $800
Комроншохи Устопириён (дзюдо) – $700
Бехрузи Ходжазода (дзюдо) – $600
Темур Рахимов (дзюдо) – $500
Сомон Махмадбеков (дзюдо) – $300

Шохида Каландарова (дзюдо) – $300
Мохру Халимова (тхэквондо) – $300

Шаббос Неъматуллоев (бокс) – $350
Карина Климик (жүзу) – $200
Гулсунби Шарифова (жеңіл атлетика) – $200
Саиджон Гулов (еркін күрес) – $200
Манижа Мадкаримова (тхэквондо) – $200
Сухроб Абдулхаев (греко-рим күресі) – $200
Шоира Зулкайнарова (бокс) – $200

XS
SM
MD
LG