Ссылки доступа

Қырғызстан 500-ге жуық жазасын өтеушіні түрмеден босатпақ


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстанда жаңа бес кодекс пен екі заң күшіне енеді. Бұл құжаттар ізгілендіруге арналған, ол бойынша 470 сотталушы бостандыққа шықпақ. Осылай деп Қырғызстанның жазаны орындау мемлекеттік қызметінің басшысы Таалайбек Жапаров мәлімдеді.

«Сонымен бірге жаза мерзімі қысқарады. Қазір жаңа құжаттар дайындалып жатыр, жаңажылдық мерекеден кейін сот орындарына жіберіледі. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер сотталушылардың ісін зерттегеннен кейін, оларға қолданатын шараларды ұсынып, сотқа жүгінуге болады. Қауіпті емес қылмыскерлерді түрмеде ұстамайды, олармен арнайы мамандар жұмыс істейді», - деді Жапаров.

Жаңа жылдан бастап күшіне енетін жаңа қылмыстық кодекске сәйкес, Қырғызстанда жаңада институттар құрылады. Олардың ішінде біріңғай тізілім, тергеу судьясы, сандық тергеу кабинеті мен сот залдары және пробация қызметі бар.

XS
SM
MD
LG