2018 жылдың тамызында Жунусовке "қызмет бабын асыра пайдаланған" деген баппен сырттай үкім шығарылған.
Тергеу нұсқасы бойынша, 2013-2016 жылдар аралығында Жунусов компания өкілдерімен жемқорлық байланыс ұстап отырған. Сол арқылы мемлекетке 166 млн сом (2,3 млн доллар) шығын әкелген.
4 желтоқсанда Жунусовті Баку әуежайында ұстады. Қаржы полициясының мәліметі бойынша, ол бұл қалаға Нью-Йорктен (АҚШ) ұшып келген. Әзірбайдан тергеу органдары оны экстрадициялауға санкция берген.