Ссылки доступа

Тәжікстанда 1,3 мың отбасы Ресейге қоныс аударған


Здание посольства РФ в Таджикистане
Здание посольства РФ в Таджикистане

Тәжікстанда 1,3 мың отбасы Ресейге шетелдегі қандастардың көшіп келуіне көмеутесу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама көмегімен көшкен.

Биыл он бір айдың ішінде 1,3 мың отбасы Ресейге мемлекеттік бағдарлама аясында қоныс аударды. Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігінің Тәжікстандағы көші-қон мәселелері жөніндегі өкілі Владимир Маркевич хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін арызданушылар саны көбейе түседі. "Мысалы, өткен жылы 1200 отбасы көшкен, биыл одан 200 отбасы көп көшті. 2016 жылы 820 отбасы болған", – деді Маркевич Интерфакс агенттігіне.

Тәжікстан азаматтары Ресейдің Тамбов, Воронеж, Саратов, Самара, Свердлов областары мен Хабаровск өңірін таңдаған. "Бұл аймақтарда өтініш берушіге 250 мың рубль және отбасының әрбір мүшесіне 120 мың рубль бөледі. Енді бұл ақша көлемі өсуі мүмкін",- деді Маркевич.

Тәжікстанда Ресейде тұрып, жұмыс істегісі келетіндер көп. 2016 жылы қоныс аудару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға 14 мыңнан астам тәжікстандық өтініш берген.

XS
SM
MD
LG