Ссылки доступа

"Тәжік Эйр" компаниясының рейстері 5 қаңтарға дейін ұшпайды


"Тәжік Эйр" әуекомпаниясы бірқатар бағыттарға рейстерін ұшыруды уақытша тоқтатты.

Ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі 2019 жылдың қаңтар айындағы ұшу кестесіне өзгерістер енгізгенін хабарлады.

"Компания ақпарат құралдары өкілдерін, блогерлерді жағдайды ушықтырмауға шақырады", - делінген "Тәжік Эйр" баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Компанияның баспасөз хатшысы Азиз Хайруллоевтың сөзінше, рейстер 5 қаңтарға дейін тоқтатылған.

"Осы аптада Худжандқа, Санкт-Петербургке, Тегеранға және Делиге ұшақтар ұшпайды. Келесі аптаның кестесі әлі белгісіз", - деді ол.

2 қаңтар күні таңертең жолаушылар Мәскеу-Душанбе бағытындағы рейсті тоқтатқанын хабарлаған. Олардың айтуынша, сәрсенбі күні СМС арқыры ескерткен.

"Мен Душанбеге 6 қаңтар күні таңертең ұшу керек болғам. Рейс ұшпайды деген хабарлама алдым", - дейді жолаушының бірі.

Былтыр қараша айының аяғында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үкімет отырысында "Тәжік Эйр" компаниясын сынға алып, қызметін тексеруді бұйырған.

XS
SM
MD
LG