Ссылки доступа

Қырғызстанның оңтүстігінде 10-сынып оқушысы өзіне қол салған


Ош облысы Алай ауданында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды Ош облысы ішкі істер басқармасы.

28 желтоқсанда әкесі ұлын өз үйінде асулы күйінде тапқан.

Қайтыс болған ұлдың туыстары ешкімге кінә артпайтынын айтып, марқұмның денесіне сот-медициналық сараптама жүргізуден бас тартқан.

Милиция ақпаратына сәйкес, жасөспірім жергілікті мектепке былтырдан бері оқи бастаған. 1-9 сыныпты Ресейде оқыған, онда ол анасымен бірге тұрған. Былтыр Қырғызстанға әкесінің қолына көшіп барған.

XS
SM
MD
LG