Ссылки доступа

Швецияда теракт күдігімен ұсталғандар Өзбекстан және Қырғызстан тумалары


Швеция прокуратурасы 27 желтоқсанда үш адамды теракт жасамақ болды деп айыптады. Тағы үш ер адамға "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымын қаржыландырған деген айып тағылды. Ұсталғандар - Өзбекстан және Қырғызстан тумалары.

"Ұсталған үш күдікті адамдарды өлтіріп, жаралау үшін химиялық заттар мен өзге де құрылғыларды сақтаған. Егер теракт бола қалғанда, Швецияға үлкен залал келтіретін еді", – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

2018 жылдың сәуір айында Стремсундтағы полиция рейдінен кейін, бес адам қамауда болған. Алтыншысы 7 қаңтарда болатын сот шешімін күтіп отыр (бостандыққа шығу туралы).

Аталған қылмыстық іс бойынша деректі фильм түсіріп жатқан Азаттықтың өзбек қызметінің тілшісі Сирожиддин Толибов Настоящее Время телеканалына олар жайлы толық баяндайды.

Подробности задержания выходцев из Центральной Азии в Швеции по делу о подготовке терактов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

Швеция прокуратурасы екі күдіктінің телефондары 2017 жылдан бері тыңдауға алынғанын мәлімдеді. Жергілікті биліктің сөзінше, күдіктілер құпия сөздермен хат алмасқан. Олардың ақпараты бойынша, "үйлену тойы" теракт, ал "көлікті безендіру" – миналау дегенді білдірген.

2017 жылдың 5 сәуірінде ұсталған ер адамның бірі Сирияда соғыс алаңында болған екен.

Ұсталған алты адамның бәрі өздеріне тағылған айыптарды теріске шығарады.

Бір айыпталушының адвокаты швед радиосына күдіктінің банкрот болған фирмадан тауарды қайта сату үшін, химиялық заттарын сатып алған дейді.

Теракт жасамақ болды деп ұсталған күдіктілерге төрт жыл мерзімнен өмір бойы түрме жазасы берілуі мүмкін.

Күдіктілер кімдер?

  • Давид Идриссон, 46
Давид Идриссон
Давид Идриссон

Прокуратура мәліметі бойынша, Идриссон химиялық заттарды сатып алған. Оны сонымен бірге есірткі заттарын сақтаған деп айыптайды. Полиция көлігінен 49 грамм марихуана тапқан.

Идриссон (Фархад Ташмухаммедов) – Өзбекстан азаматы, 2008 жылы Швецияға көшкеннен кейін атын өзгерткен. Онда ол босқын мәртебесін алған.

  • Бахтиер Умаров, 30
Бахтиер Умаров
Бахтиер Умаров

Прокуратура оны теракт әзірлемек болды, ИМ-ді қаржыландырып келген деп айыптайды. Оны сонымен бірге Түркияға ақша аудару үшін, жалған Греция төлқұжатын жасатқан деп айыптайды.

Өзбекстан азаматы Умаров Швецияға бірінші рет 2011 жылы барған. Кейін Өзбекстанға оралып, сосын Ресейде, Түркияда тұрған. Кейін Швецияға оралып, босқын мәртебесін сұраған.

Жазысқан хаттарына қарағанда, ол Түркияда 2017 жылдың Жаңа жыл түнінде Стамбұлдағы Reinа түнгі клубында 39 адамның өмірін қиған адаммен бірге тұрған.

  • Атабек Абдуллаев, 39
Атабек Абдуллаев
Атабек Абдуллаев

Қырғызстан азаматы, Швецияға бірінші рет 2017 жылы барған. Оған дейін Еуроодақта қалу үшін Польшада жұмыс іздеген.

Әлеуметтік желілерде туристік орындардың суреттерін жариялап отырған. Прокуратура бұл жерлерге болашақта теракт жасамақ болған деп есептейді.

  • Ер адам, 34

Өзбекстан азаматы "Ислам мемлекеті" тобы арқылы қылмыстарды қаржыландырып келген деген күдікке ілінген.

Швецияға алғаш рет 2008 жылы барған, бірақ ол кезде босқын мәртебесін ала алмаған. 2011 жылы қайта келіп, Швецияда қалып, жұмыс істеуге рұқсат алған.

  • Ер адам, 39

Өзбекстан азаматы "Ислам мемлекеті" тобы арқылы ауыр қылмыстарды қаржыландырып келген деп айыпталады.

  • Ер адам, 24

Өзбекстан азаматы, "Ислам мемлекеті" тобы арқылы ауыр қылмыстарды қаржыландырып келген деп айыпталады. Бұл сотқа дейін бостандықта қалған жалғыз күдікті.

2017 жылдың 7 сәуірінде Стокгольм орталығында жүк көлігі сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жаяуларды қағып өтті. Төрт адам қаза тауып, 15-і жараланған.

Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов терактіні жасағанын мойындап, тапсырыс берген "Ислам мемлекеті" ұйымы екенін мәлімдеген.

2018 жылдың маусым айында швед соты оны айыпты деп тауып, өмір бойы түрме жазасына кесті.

XS
SM
MD
LG