Ссылки доступа

Самарқанда жәбірленуші әйел өзін ұрған ер адамға қатаң жаза талап етеді


Самарқанд облысы, Ақдария ауданының 35 жастағы тұрғыны Феруза Убайдуллаева өзін ұрып, зорламақ болған жұмыс берушісінің інісіне сот жеңіл жаза кесті деп шағымданады.

Үш баланың анасы Феруза Убайдуллаеваның айтуынша, ол күйеуі екеуі бір жыл бойы фермердің алқабында келісім-шартпен жұмыс істеген. Бірақ жұмыс беруші оларға ақша төлемеген.

Фермердің кіші інісі Зиёдулла Ураков оларды ұрып-соғып, ұрлық жасадыңдар деп айыптаған. Ферузаның айтуынша, ол өзін зорламақ болған.

"Маған ұрлықшыны ұстадық деп айтты. Оқиға орнына келгенде, Ферузаны көрдік. Оның қолдары мен аяқтары байланған. Мен өзім босаттым. Жедел жәрдем шақырып, ауруханаға алып кеттік. Бұл кикілжіңде кімнің кінәлі екенін білмеймін. Прокуратура араласқаннан кейін барып, оларға айлық берілді", – деді "Янгикурган" махалласының тұрғыны Тұргын Тұраев.

Бұл істі Ақдария аудандық әкімшілік соты қараған. Ағайынды Ураковтар айыпты деп танылып, оларға 49 доллар көлемінде айыппұл салған.

Бірақ Феруза Убайдуллаева бұл жазаның тым жеңіл екенін айтып, ол қылмыстарын тағы қайталауы мүмкін деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG