Ссылки доступа

ІМ: "Банда-полицейлер" видеосын түсірген академия қызметкері жазаланды


Скриншот видео, распространенного в Сети.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Қарағандыдағы ІІМ академиясының бірінші курс жетекшісінің орынбасары А.Тастайбековтің қызметінен босатылғанын хабарлады.

Министрлік өкілі Алмас Садубаевтың Facebook-те жазуынша, Тастайбеков тәртіптік комиссия шешімімен, "мемлекеттік қызмет беделін түсіргені үшін" ішкі істер органдарында қызмет істеуден босатылған.

31 желтоқсанда интернетте полиция формасындағы ер адамның жаңа жылдық құттықтауы тараған. Видеода ер адам басқа полицейлерді мерекесімен құттықтай келе "тамыр-таныстығымыздың көмегі шөберелерімізге де тисін... Біз - братвамыз, ашығын айтқанда - бандамыз" дейді. Кейін полиция формасындағы ондаған адам "Ура!" деп айғайлайды.

Бұл видео соңғы күндері әлеуметтік желіде көп талқыланып, сынға ұшырады.

Кейін ІІМ бұл видеоны Қарағандыдағы ІІМ академиясының бірінші курс жетекшісінің орынбасары түсіргенін анықтаған.

Алмас Садубаевтың хабарлауынша, Тастайбековтен өзге оның бастықтары мен оқу орнының басшылары да қатаң тәртіптік жауапқа тартылған.

XS
SM
MD
LG