Ссылки доступа

Үндістанда әйелдер шіркеуге барған соң наразылық басталған


Акция индийских денщин в поддержку гендерного равенства, 1 января 2019 года

Үндістанның Керала штатында әйелдер Сабаримала қаласындағы шіркеуге барған соң наразылық басталған. Полиция наразылыққа шыққандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Шерушілер бірнеше көшені жауып тастады. Акцияға қатысушылар дүкен қожайындарын наразылыққа шығуға шақырды. Штаттың бірқатар аудандарында полиция қызметкерлеріне тас лақтырған.

1 қаңтарда бірнеше ғасырда алғаш рет екі әйел шіркеуге кіріп, дұға оқыған. Сол күні Үндістанда әйелдер 620 шақырымға созылған шеңбер құрып, гендерлік құқықтың сақталуын талап етті. Билік есебі бойынша, акцияға бес миллионнан астам адам қатысқан.

Ұзақ уақыт бойы 10-нан 50 жасқа дейінгі аралықтағы әйелдерге Сабарималадағы шіркеуге кіруге тыйым салып келген. Қыркүйекте Жоғарғы сот бұл тыйымды алып тастаған. Бірақ шіркеуге кіргісі келген әйелдерді ер адамдар таспен және таяқпен ұрып отырған.

XS
SM
MD
LG