Ссылки доступа

Әндіжан хайуанаттар бағындағы арыстан адамды талап тастады


Иллюстративное фото.

Әндіжандағы хайуанаттар бағында темір торға кірген адамды арыстан талап тастады. 28 желтоқсанда болған бұл оқиға туралы 2 қаңтарда ғана хабарланған.

Хайуанаттар бағында жұмыс істейтін адам темір торға арыстанға тамақ беру үшін кірген уақытта таланған.​

"Жыртқыш оны бірнеше бөлікке бөліп тастаған. Аң аш болса керек", - деді хайуанаттар бағының бір қызметкері.

Әндіжан қаласы ішкі істер бөлімінің қызметкері болған оқиғаны растады, бірақ қосымша мәлімет беруден бас тартты.

Өзбекстандағы көлемі жағынан екінші орын алатын Әндіжандағы хайуанаттар бағы 2016 жылы ашылған. Мұнда аңның 50-ден астам түрі бар.

Айта кетрелік жайт, осыған дейін Өзбекстан хайуанаттар бағында аңдар адамдарға шабуылдамаған.

XS
SM
MD
LG