Ссылки доступа

Магнитогорск: Құтқарушылар үйінді астынан төрт тәжік азаматының денесін алып шыққан


Құтқарушылар Магнитогорск қаласында құлаған үйдің астынан тәжік отбасының төрт мүшесінің денесін алып шықты. Бұл туралы Озоди радосына 3 қаңтарда Тәжікстанның Екатеринбургтегі бас консулы Сафар Сафаров хабарлады.

Дипломаттың айтуынша, мүрделер мәйітханаға қойылған. "Туыстары денелердің кімдердікі екенін анықтады. Солардың рұқсатымен денелерді Тәжікстанға жібереміз", - деді бас консул.

Бұған дейін хабарланғандай, осы отбасының қожайыны 26 жастағы Шухрат Улфатов үйінді астынан табылып, ауруханаға жеткізілген. Бас консулдың айтуынша, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Осы үйде тұратын тағы бір тәжік отбасы аман қалған.

Хабарларға қарғанда, Аламшо есімді тәжік азаматы осы оқиғадан зардап шеккен. Ол үй құлай бастағанда төрт тұрғынды құтқарған, бірақ өзі де қатты жараланған.

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласында он қабатты үйде газ жарылып, бірнеше үй құлады. 2 қаңтарда кешке 37 адам қаза тапқаны хабарланды. Оқиға орнында жүзге жуық құтқарушы жұмыс істеп жүр.

XS
SM
MD
LG