Ссылки доступа

Қырғыз милициясының тергеу бөлмелеріне әйнек орнатылды


Для борьбы с пытками МВД Кыргызстана устанавливает прозрачные комнаты для допросов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

Қырғызстандағы бірнеше милиция бөлімшесінде тергеу бөлмелеріне әйнек орнатылып, видео және аудио жазба жүйесі қойылған. Жазбалардың барлығы ІІМ және Бас прокуратураға түседі.

"Бұның барлығы азаптауға жол бермеу үшін жасалды", – деді Еуроодақтың Қырғызстандағы елшісі Эдуард Ауэр.

Алты тергеу бөлмесіне аудио және видео жазба жүйесі орнатылған. Файлдар ішкі істер департаменті басшысы, ішкі істер министрі көре алады, олар автоматты түрде Бас прокуратураға жолданады. Тергеу видеосы автоматты түрде виртуалды бұлтқа сақталады, сол себепті оның жоғалып кетуі мүмкін емес.

Бұл жүйе милиция қызметкерлерін де қорғайды. Азаптау туралы жалған арыздар жазылмайтын болады. Бұл өзгерістер ІІМ реформасының басы ретінде қарастырылды.

XS
SM
MD
LG