Ссылки доступа

Трамп: "Ресейдің" Ауғанстанда соғысқаны дұрыс болған, сонда қайта оралуы тиіс


АҚШ президенті Дональд Трамп "Ислам мемлекетінің" Ауғанстандағы күштері туралы мәлімдеме жасап, АҚШ-тан басқа елдер де сонда соғыс жүргізе алатынын айтты.

"Онда Ресей неге жоқ? Пәкістен неге жоқ? Неге Үндістан жоқ?" – деді Трамп.

Ол 1980-жылдары Ауғанстандағы соғыс Совет Одағын тақырға отырғызып, одан Ресей жасағанын айтты.

"Ресей бұрын Совет Одағы болатын. Ауғанстан оны Ресей жасады, өйткені Ауғанстанда соғысып жүріп тақырға отырды. Ресей Ауғанстанда соғысты, өйткені терроршылар Ресейге қарай қозғалды. Олардың сонда соғысу құқығы болды. Тақырға отырған соң, қайтадан Ресей деп атала бастады", – деп мәлімдеді Трамп.

Совет Одағы Ауғанстанға 1979 жылы басып, кіріп 1988 жылға дейін сонда әскер ұстады. Совет әскері моджахедтермен, Кабулге бақылау үшін күресті. Он жыл бойы көп шығанға батқан Совет Одағы әскерін 1988-1989 жылдары шығарды. КСРО ресми түрде 1991 жылы 26 желтоқсанда ыдырады.

АҚШ президенті Трамп Ауғанстаннан америкалық әскердің шығарылуы туралы ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 14 мыңға жуын америкалық сарбаз Ауғанстанда орналасқан.

XS
SM
MD
LG