Базарда екі жүзге тарта саудагер сауда жасайды.
Саудагердің бірі Айтолқын Адылбекова бұл базар көрші ауылдардан келетіндер үшін тиімді екенін айтады. Саудагерлер жыл сайын бюджетке 6 млн сомнан аса пайда әкеліп отыр дейді.
Саудагерлер жергілікті биліктің өздерімен келіспей, шешім шығарғанына наразы.
Ал Ош билігі болса, заң аясында жұмыс істеп жатқанын, базардағы сауда нүктелері әдетте тек бір жылға ғана жалға берілетінін айтады.
Кулатов шағын ауданындағы базар жол бойында орналасқан. Былтыр қараша айында жергілікті әкім базардың орнына саяжол салу жөнінде шешім шығарған.