Ссылки доступа

Тәжікстан оңтүстігінде белгісіз адамдар шопанды ұрлап әкеткен


Тәжікстан оңтүстігіндегі Шамсиддин Шохин ауданында жергілікті шопан Турахон Нурматовты белгісіз ауған тобы ұрлап әкеткен деп хабарлайды Азаттықтың тәжік қызметінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі.

42 жастағы Нурматов бірнеше жылдан бері жергілікті тұрғын Саймуддин Курбоновтың малын бағып келген. 2015 жылы Курбонов есірткі контрабандасымен айыпталып, 17 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Адам ұрлау оқиғасы 1 қаңтарда болды. Шопанды іздеу жалғасып жатыр", - деген дереккөз.

Дереккөздің сөздерінше, қарулы адамдар ауған аумағынан тәжік жеріне түс ауа енген. "Мал баққан адам екеу болған. Әлгі адамдар олардан су мен нан сұраған. Сосын Нурматовты өздерімен бірге алып кеткен. Олар есірткімен заңсыз айналысатындар болуы мүмкін", - дейді дереккөз.

Тәжікстанның құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша әзірге түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG