Вохидованың қазасы туралы Озоди радиосына оның келіні Тахмина Рахимова хабарлады. Оның айтуынша, адвокат түнгі сағат 2 шамасында ауруханада қайтыс болған. Ол мұнда он күн бұрын пневмония диагнозымен түскен.
Танымал адвокатты жерлеу рәсімі 4 қаңтарда Гунбаз зиратында өтеді.
Файзинисо Вохидова – Мәскеу мемлекеттік университеті заң факультетінің түлегі, 1995 жылдан бастап адвокат болып жұмыс істеген. Ол Тәжікстанда адам құқықтарын қорғаумен шұғылданып, халықаралық ұйымдардың жоғары бағасына ие болды.