Ссылки доступа

Қырғызстан мүгедек балаларды күтушіге 4900 сом төлейді


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Қырғызстанда жаңа әлеуметтік қызмет - мүгедек балалардың ата-аналарына көмектесетін "жеке ассистенттер" пайда болды.

Әдетте мүгедек баласы бар ата-аналардың бірі жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды, үйде балаға қарайды. Оларға зейнетақы жазылуы керек деп шешті қырғыз үкіметі.

Енді мемлекет мүгедектігі бар балаларға қараушылар қызметін төлеп береді. Жеке ассистент әлеуметтік қызметін ата-аналар, туыстар немесе сырттан келгендер атқара алады.

Мұндай ассистенттің жалақысы тұтыну себебінің төменгі мөлшеріне - 4 900 сомға ($70) тең.

Ол үшін республикалық бюджеттен шамамен 420 млн сом бөлінеді.

Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша, қазір елде 29,9 мың мүгедек бала бар, олардың шамамен алты мыңына күнделікті күтім қажет.

XS
SM
MD
LG