Ссылки доступа

Ашхабад мұғалімдері балаларды өз есебімен экскурсияға шығарады


Түркіменстандағы мектептердегі мұғалімдер демалыс кезінде оқушылармен өз есебімен айналысуға мәжбүр.

Ашхабадтағы орта мектеп мұғалімдері Азатлык радиосына осы күндері оқушыларды түркімен астанасына саяхатқа өз есебімен шығарып жүргендерін хабарлады. Олар автобусты да өздері жалға алуға мәжбүр.

Мұғалімдер мектеп басшылығы жоғары жақтың тапсырмасын орындау үшін осындай талап қойғанын айтты.

"Өткен аптада оқушыларды "Әлем" ойын-сауық бағына апару үшін мен автобус жалдадым. Баларды мектептен алып кетіп, қайта алып келгені үшін менен 300 манат алды", - деді бастауыш сынып мұғалімі.

Мұғалімдердің айтуынша, бұған дейін мұндай саяхаттарды оқушылардың ата-аналары жинаған ақшаға ұйымдастыратын. Бірақ соңғы уақытта олардан ақша жинау қиындап кеткен, өйткені олардың өздері әзер күндерін көріп отыр.

XS
SM
MD
LG