Ссылки доступа

Өзбекстан Германия азаматтары үшін визасыз жүйе енгізді


Биыл 15 қаңтардан бастап Германия азаматтары Өзбекстанға турист ретінде визасыз 30 күнге келе алады. Бұл туралы Өзбекстан мемлекеттік туризм комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұның алдында Германиямен қоса тағы 12 елдің азаматтарына Өзбекстан жеңілдетілген виза жүйесін енгізген еді. Үкімет қаулысына сәйкес, бұл елдер үшін визасыз жүйе 2021 жылдың қаңтарынан бастап енгізілуі тиіс.

Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы Өзбекстанға Германияның 18 994 азаматы келді. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын 4 889 адам ғана болған.

Қазіргі таңда Өзбекстан Ресейге, Әзірбайжанға, Арменияға, Беларусьқа, Грузияға, Қазақстанға, Қырғызстанға, Молдова мен Украинаға визасыз жүйе орнатқан.

2018 жылдың ақпанынан бастап Израиль, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Түркия және Жапония азаматтары Өзбекстанға визасыз отыз күнге келе алады.

Бұған қоса жеңілдетілген виза жүйесі тағы 39 елдің азаматтарына енгізілген.

XS
SM
MD
LG