Ссылки доступа

Помпео: америкалық сарбаздар Сириядан шығарыла бастады


Военнослужащие США в Сирии

Америкалық жауынгерлер Сирия елінен шығары бастады. Бұл туралы Newsmax телеарнасына АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлады.

Ол сарбаздарды шығару кестесі туралы айтудан бас тартты, өйткені ол бұл ақпаратты қарсыластарының білгенін қаламайды.

Помпеоның мәлімдеуінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Орта Шығыста тұрақтылық орнату үшін "Ислам мемлекеті" содырларына, Дамаскіні қолдап отырған Иранға қарсы науқанын жалғастыра береді.

Бұған қоса АҚШ Түркия әскерінің Сирияда "күрдтерге соққы бермейтініне" көз жеткізгісі келеді.

Трамп америкалық әскерді Сириядан шығаратынын 19 желтоқсанда жариялады. Сол кезде ол "Ислам мемлекеті" террористік тобы жеңілді деп мәлімдеген. Амеркалық әскер басшылығы президент шешімін асығыстық деп атаған.

1 қаңтарда Трамп әскерді шығаруды баяулатып, бұл жұмысқа төрт ай берген. Оның мұндай шешім қабылдауына АҚШ президентінің өткен жылы желтоқсанда Иракқа сапары түрткі болған.

Сирияда Башар Асад үкіметінің бақылауында емес территорияда 2 мыңға жуық америкалық сарбаз орналасқан. Олар халықаралық коалициямен бірге "Ислам мемлекетімен" соғыс жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG