Ссылки доступа

Өзбекстандық мигрант Магнитогорсктегі қираған үйден сегіз адамды құтқарған


23 жастағы өзбекстандық мигрант Алан Абдуллаев Магнитогорсктегі апат болған үйдің үйінділері арасынан құтқарушылар келгенше, сегіз адамды шығарған. Ресейлік БАҚ Аланды "Нағыз батыр" деп атап, ол жайлы жарыса жазып жатыр.

Магнитогорскте құрылыста жұмыс істейтін 23 жастағы Алан Абдуллаев 31 желтоқсан күні таң намазына тұрғанда, қатты жарылыстың дауысын естіп, бірден сыртқа шығады.

Төтенше жағдайдар қызметінің құтқарушылары келгенше, ол жарылған үйдің тұрғындарын құтқаруға кіріскен.

«Намаз оқуға дайындалып жатқам. Бір кезде қатты жарылыстың дауысын естідім. Бірден киініп, сыртқа шықтым. Сыртта адамдар жиналып қалыпты. Ешқайсысы әрекет етпей тұр. Мен жүрігіп барып, баласы бар әйелді шығарып алдым. Сосын жоғары қарай көтерілдім. Женя есімді жігіт тұр екен. Екеуміз өрт болған пәтерге кірдік. Ол жерден әжейді шығарып алдық», – деп сұқбат береді өзбекстандық Life.ru сайтына.

Ол әлі күнге дейін апат болған жерге барып, ерікті ретінде көмектесіп жүр.

Алан Абдуллаев Магнитогорскте құрылыста жұмыс істейді. Қолы бос кезінде шығыс жекпе-жек өнерімен айналысады екен.

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. Үйсіз қалғандар қаладағы мектептердің спорт залдарында паналап жатыр. Тергеу комитеті оқиғаны "теракт емес" деп хабарлады. Минитсрлік ақпаратына қарағанда, апаттан 35 пәтер толық, 10 пәтер жартылай қираған. Үйінді астынан 39 адамның мәйіті табылған.

XS
SM
MD
LG