Ссылки доступа

НАСА директоры Рогозинді АҚШ-қа шақырудан бас тартты


Брайденстайн (сол жақта) және Рогозин
Брайденстайн (сол жақта) және Рогозин

НАСА америкалық ғарыш агенттігінің басшысы Джим Брайденстайн Роскосмос жетекшісі Дмитрий Рогозиннің ақпан айындағы АҚШ-қа сапарын қабылдамауға шешім шығарғанын мәлімдеді. Осыған дейін сапар кейінге шегерілді деп келген.

The Washington Post газетіне сұқбат берген Брайденстайн агенттік былтыр күзде санкция тізімінде болған Рогозинді "жұмыс барысындағы қарым-қатынасты сақтау үшін" АҚШ-қа шақырғанын айтты. Бірақ сенаторлар тарапынан қатаң сынға ұшырағаннан кейін, шешімді қайтарып алдым дейді НАСА директоры.

Атап айтқанда, сенатор-демократ Джин Шахин Рогозинді "Кремльдің көршілеріне қарсы жүргізіп отырған агрессиялар кампаниясының" архитекторларының бірі деген. Мұнан бөлек сенатор Рогозин "расистік, гомофобиялық және антиамерикалық мәлімдемелерімен" танымал деп, оның АҚШ-қа келуі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деген.

Дмитрий Рогозин Ресей үкіметінің вице-премьері болып тұрғанда санкция тізіміне енген. Ол Америкаға қарсы бірнеше мәлімдеме жасаған. Былтыр қазан айында Брайденстайн Ресейге барған. Politico басылымы сол кезде Рогозин Хьюстонға НАСА-ның штаб пәтеріне шақырылды деп жазған.

Америка-Ресей қарым-қатынасы нашарлағанымен, екі елдің ғарыш қызметі байланыс жасайды. Халықаралық ғарыш станциясында ресейлік космонавтар тәжірибеден өтсе, америкалық астронавтар "Союз" ресейлік ғарыш кемесінде жиі болып тұрады.

XS
SM
MD
LG